Қазақстанда 10 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 220 018. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 918 (+143);
Алматы қаласында - 26 274 (+160);
ШҚО-да - 22 342 (+9);
Атырау облысында - 17 508 (+40);
Павлодар облысында - 18 258 (+56);
Қарағанды облысында - 15 835 (+51);
Ақмола облысында - 14 240 (+66);
БҚО-да - 13 522 (+57);
СҚО-да - 12 622 (+16);
Қостанай облысында - 12 874 (+49);
Алматы облысында - 11 322 (+28);
Шымкент қаласында - 6292 (+2);
Жамбыл облысында - 6073 (+1);
Түркістан облысында - 4334 (+3);
Маңғыстау облысында - 4288 (+3);
Ақтөбе облысында - 4410 (+6);
Қызылорда облысында - 3906 (+3).
Қазақстанда өткен тәулікте 773 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 203 467, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
10 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 18 476 адам (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 555 науқас стационарларда, ал 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 230 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 56 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 44 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 9 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 821 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 8 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 203 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 581, 647 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 188 жетті.
2021 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары орналасқан.
"Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.