Қазақстанда 11 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 752 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 220 770. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 26 012 (+94);
Алматы қаласында – 26 471 (+197);
ШҚО-да – 22 360 (+18);
Атырау облысында – 17 541 (+33);
Павлодар облысында – 18 311 (+53);
Қарағанды облысында – 15 897 (+62);
Ақмола облысында – 14 292 (+52);
БҚО-да – 13 596 (+74);
СҚО-да – 12 641 (+19);
Қостанай облысында – 12 924 (+50);
Алматы облысында – 11 367 (+45);
Шымкент қаласында – 6310 (+18);
Жамбыл облысында – 6090 (+17);
Түркістан облысында – 4335 (+1);
Маңғыстау облысында – 4292 (+4);
Ақтөбе облысында – 4424 (+14);
Қызылорда облысында - 3907 (+1).
Қазақстанда өткен тәулікте 662 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 204 129, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
11 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 18 432 адам (13 811 КВИ+ және 4 621 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 570 науқас стационарларда, ал 13 862 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 231 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 47 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 37 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 10 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 830 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 9 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 48 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 170 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 629, 650 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 358 жетті.
2021 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары орналасқан.
"Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанда, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.