Қазақстанда 12 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 811 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 348 308. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 310;
Алматы қаласында – 391;
Шымкент қаласында – 69;
Ақмола облысында – 92;
Ақтөбе облысында – 50;
Алматы облысында – 162;
Атырау облысында – 70;
ШҚО-да – 91;
Жамбыл облысында – 36;
БҚО-да – 94;
Қарағанды облысында – 200;
Қостанай облысында – 25;
Қызылорда облысында – 28;
Маңғыстау облысында – 41;
Павлодар облысында – 111;
СҚО-да - 15;
Түркістан облысында - 26.
Қазақстанда өткен тәулікте 2 816 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 304 673, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
12 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 40 056 адам (39 671 КВИ+ және 385 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 495 науқас стационарларда, ал 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 799 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 192 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 122 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 11 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 964 өлім жағдайы тіркелген. 10 мамырда КВИ-ден 16 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 10 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 13 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 25 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 584, 842 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 357 жетті.
2021 жылдың 12 мамырға Қазақстанда 1 727 011 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 12 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.