Қазақстанда 12 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 290 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 271 809. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 41 689 (+610);
Нұр-Сұлтан қаласында – 35 990 (+389);
ШҚО–да – 23 352 (+33);
Павлодар облысында – 19 523 (+48);
Атырау облысында – 19 982 (+110);
Қарағанды облысында – 19 301 (+205);
Ақмола облысында – 16 208 (+108);
БҚО-да – 16 385 (+118);
Алматы облысында – 16 872 (+283);
Қостанай облысында – 14 192 (+31);
СҚО–да – 13 359 (+36);
Шымкент қаласында – 7610 (+53);
Жамбыл облысында – 6792 (+53);
Ақтөбе облысында – 6709 (+105);
Түркістан облысында – 4712 (+27);
Маңғыстау облысында - 4726 (+37);
Қызылорда облысында - 4407 (+35).
Қазақстанда өткен тәулікте 608 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 234 665, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
12 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 34 478 адам (33 908 КВИ+ және 570 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 12 349 науқас стационарларда, ал 22 129 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 569 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 170 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 109 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 11 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 236 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 10 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Оған қоса 125 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 399, 727 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 102 жетті.
2021 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.