12.07.2021, 22:03 6615

Қазақстанда 12 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 12 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 11 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 458 724 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 899 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 950; 
 
Алматы қаласында – 638; 
 
Шымкент қаласында – 264; 
 
Ақмола облысында – 139; 
 
Ақтөбе облысында – 55; 
 
Алматы облысында – 85; 
 
Атырау облысында – 290; 
 
ШҚО–да – 68; 
 
Жамбыл облысында – 66; 
 
БҚО–да – 215; 
 
Қарағанды облысында – 603; 
 
Қостанай облысында – 92; 
 
Қызылорда облысында – 64; 
 
Маңғыстау облысында – 126; 
 
Павлодар облысында – 142; 
 
СҚО-да - 31; 
 
Түркістан облысында - 71.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 491 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 413 498 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
12 шілдеге КВИ-ден 41 980 адам (40 545 КВИ+ және 1 435 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 13 568 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 28 412 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 815 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 189 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 126 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз бен 11 шілде маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 681 өлім жағдайы тіркелген. 10 шілде күні КВИ-ден 34 адам қайтыс болды. 
 
10 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 40 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды және 50 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 57 900, өлім жағдайы - 1 032, сауыққандар - 52 973. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 12 шілдеге I компонентпен 4 372 235 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 442 715 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 12 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны