Қазақстанда 14 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 967 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 215;
Алматы қаласында – 96;
Шымкент қаласында – 42;
Ақмола облысында – 43;
Ақтөбе облысында – 12;
Алматы облысында – 29;
Атырау облысында – 43;
ШҚО-да – 72;
Жамбыл облысында – 22;
БҚО-да – 51;
Қарағанды облысында – 165;
Қостанай облысында – 33;
Қызылорда облысында – 25;
Маңғыстау облысында – 34;
Павлодар облысында – 50;
СҚО-да – 13;
Түркістан облысында - 22.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 811 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 377 642 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
14 маусымға КВИ-ден 21 537 адам (20 426 КВИ+ және 1 111 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
– стационарларда 7 075 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде - 14 462 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 512 пациент,
- аса ауыр халде – 113 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 70 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 13 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 171 өлім жағдайы тіркелген. 12 маусымда КВИ-ден 11 адам қайтыс болды.
12 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді, 24 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап тіркелді: ауру – 56 213, өлім – 959, сауыққандар – 51 687.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 14 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
"Сары" аймақта: Атырау, Акмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары және СҚО.
Қазақстанда 2021 жылғы 14 маусымға I компонентпен 2 506 157 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 384 029 адам вакцинацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.