15.04.2021, 17:37 12504

Қазақстанда 15 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 15 СӘУІР - 2021 жылғы 14 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 278 695 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 641 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 278 695. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 43 556 (+657); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 37 442 (+650); 
 
ШҚО–да – 23 492 (+95); 
 
Атырау облысында – 20 222 (+113); 
 
Қарағанды облысында – 19 903 (+202); 
 
Павлодар облысында – 19 666 (+45); 
 
Ақмола облысында – 16 481 (+85); 
 
Алматы облысында – 17 581 (+220); 
 
БҚО–да – 16 730 (+117); 
 
Қостанай облысында – 14 279 (+28); 
 
СҚО–да – 13 449 (+26); 
 
Шымкент қаласында – 7815 (+111); 
 
Ақтөбе облысында – 7003 (+109); 
 
Жамбыл облысында – 6917 (+38); 
 
Маңғыстау облысында - 4818 (+52); 
 
Түркістан облысында - 4786 (+28); 
 
Қызылорда облысында - 4555 (+65).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 002 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 239 448, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
15 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 36 436 адам (35 941 КВИ+ және 495 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 12 451 науқас стационарларда, ал 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 591 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 172 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 127 науқас.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 14 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 306 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 13 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 85 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 84 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 624, 741 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 388 жетті. 
 
2021 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Қостанай және Түркістан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны