Қазақстанда 16 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 954 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 225 685. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 28 000 (+297);
Нұр-Сұлтан қаласында – 26 733 (+127);
ШҚО–да – 22 491 (+18);
Павлодар облысында – 18 552 (+43);
Атырау облысында – 17 758 (+48);
Қарағанды облысында – 16 287 (+92);
Ақмола облысында – 14 578 (+63);
БҚО-да – 13 878 (+51);
Қостанай облысында – 13 165 (+47);
СҚО–да – 12 757 (+12);
Алматы облысында – 11 810 (+99);
Шымкент қаласында – 6389 (+17);
Жамбыл облысында – 6167 (+19);
Ақтөбе облысында – 4531 (+9);
Түркістан облысында – 4370 (+9);
Маңғыстау облысында - 4300 (+2);
Қызылорда облысында - 3919 (+1).
Қазақстанда өткен тәулікте 539 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 207 371, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
16 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 19 375 адам (15 449 КВИ+ және 3 926 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 163 науқас стационарларда, ал 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 239 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 51 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 36 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 15 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 865 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 14 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 166 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 817, 656 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45 235 жетті.
2021 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан облысы орналасқан.
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.