Қазақстанда 16 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 656 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 281 351. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 44 229 (+673);
Нұр-Сұлтан қаласында – 38 043 (+601);
ШҚО–да – 23 598 (+106);
Атырау облысында – 20 339 (+117);
Қарағанды облысында – 20 104 (+201);
Павлодар облысында – 19709 (+43);
БҚО–да – 16 842 (+112);
Ақмола облысында – 16 571 (+90);
Алматы облысында – 17 813 (+232);
Қостанай облысында – 14307 (+28);
СҚО–да – 13 491 (+42);
Шымкент қаласында – 7934 (+119);
Ақтөбе облысында – 7123 (+120);
Жамбыл облысында – 6957 (+40);
Маңғыстау облысында - 4853 (+35);
Түркістан облысында - 4808 (+22);
Қызылорда облысында - 4630 (++75).
Қазақстанда өткен тәулікте 2 177 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 241 625, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
16 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 36 868 адам (36 393 КВИ+ және 475 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 12 941 науқас стационарларда, ал 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 616 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 168 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 118 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 15 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 333 өлім тіркелді. 14 сәуірде КВИ-ден 27 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 14 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 90 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 695, 742 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 478 жетті.
2021 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ. және Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта - Қостанай және Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.