16.07.2021, 20:14 14258

Қазақстанда 16 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 16 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 15 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 477 754 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 5 648 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 1549; 
 
Алматы қаласында - 885; 
 
Шымкент қаласында - 421; 
 
Ақмола облысында - 175; 
 
Ақтөбе облысында - 215; 
 
Алматы облысында - 188; 
 
Атырау облысында - 329; 
 
ШҚО-да - 63; 
 
Жамбыл облысында - 77; 
 
БҚО-да - 259; 
 
Қарағанды облысында - 746; 
 
Қостанай облысында - 116; 
 
Қызылорда облысында - 110; 
 
Маңғыстау облысында - 208; 
 
Павлодар облысында - 178; 
 
СҚО-да - 95; 
 
Түркістан облысы - 34.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 012 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 423 996 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
16 шілдеге КВИ-ден 50 457 адам (48 894 КВИ+ және 1 563 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 16 186 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 34 271 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 934 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 225 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 117 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз бен 15 шілде маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 864 өлім жағдайы тіркелген. 14 шілде күні КВИ-ден 48 адам қайтыс болды. 
 
14 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 122 жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды және 75 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 58 335, өлім жағдайы - 1 060, сауыққандар - 53 252. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 15 шілдеге I компонентпен 4 776 755 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 661 833 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 16 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Алматы, Жамбыл облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны