Қазақстанда 17 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 089 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 284,
Алматы қаласында – 549,
Шымкент қаласында – 86,
Ақмола облысында - 153,
Ақтөбе облысында – 50,
Алматы облысында – 125,
Атырау облысында – 77,
ШҚО–да – 74,
Жамбыл облысында – 32,
БҚО–да – 97,
Қарағанды облысында – 346,
Қостанай облысында – 32,
Қызылорда облысында – 16,
Маңғыстау облысында – 39,
Павлодар облысында - 87,
СҚО-да - 12,
Түркістан облысында - 30.
Қазақстанда өткен тәулікте 1 738 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 317 741, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
17 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 38 888 адам (38 379 КВИ+ және 509 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 295 науқас стационарларда, ал 24 593 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 820 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 185 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 106 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 16 мамырына дейін коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 073 өлім жағдайы тіркелген. 15 мамырда КВИ-ден 19 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 16 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 20 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54 152, 860 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 783 жетті.
2021 жылдың 17 мамырға Қазақстанда 1 844 938 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 17 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.