03.02.2022, 18:24 24781

Қазақстанда 17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін ұшу жасалды

Қазақстанда 17 жасқа дейінгі балалар үшін тегін ұшу жасалды
НҰР-СҰЛТАН. 3 АҚПАН - "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидалары әзірленіп, бекітілді. Қағидалар осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мәдениет және спорт министрлігінде атап өткендей, субсидиялау отбасылық авиатасымалдауды қолжетімді етеді, ішкі туризмді дамыту үшін қосымша ынталандыру болады.
 
Аталған шара:
 
1) ерікті;
 
2) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар, азаматтығы жоқ тұлға саналатын 17 жасты қоса алғанға дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыға қолжетімді;
 
3) кәмелетке толмаған жолаушының ата-анасымен немесе жақын туысымен ұшуы кезінде қолданылады;
 
4) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады;
 
5) ішкі туризм саласындағы туроператорға өткізілген туристік өнімге енгізілген балалар авиабилеттерінің құнын төлеу арқылы жүзеге асырылады.
 
Балалар авиабилеттерін субсидиялау операторы- Kazakh Tourism ҰК АҚ.
 
Балалардың авиамен тегін ұшуы үшін туристер туристік өнімді сатып алу мақсатында ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жоспарланған демалыс жасауы қажет.
 
Тегін авиатасымалдау ішкі туризм саласындағы туроператордың қаражаты есебінен жүргізіледі.
 
Туристік өнімді өткізгеннен кейін, балалар авибилеттеріне жұмсалған соманы қайтару үшін ішкі туризм саласындағы туроператор Kazakh Tourism ҰК АҚ-ға өтініммен және қажетті құжаттармен жүгінеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны