Қазақстанда 18 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 837 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 251,
Алматы қаласында – 520,
Шымкент қаласында – 30,
Ақмола облысында - 139,
Ақтөбе облысында – 24,
Алматы облысында – 109,
Атырау облысында – 48,
ШҚО–да – 78,
Жамбыл облысында – 25,
БҚО–да – 92,
Қарағанды облысында – 320,
Қостанай облысында – 33,
Қызылорда облысында – 35,
Маңғыстау облысында – 13,
Павлодар облысында - 92,
СҚО-да - 11,
Түркістан облысында - 17.
Қазақстанда өткен тәулікте 2 500 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 320 241, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
18 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 38 151 адам (37 694 КВИ+ және 457 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 13 768 науқас стационарларда, ал 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 756 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 192 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 110 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 17 мамырына дейін коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 095 өлім жағдайы тіркелген. 16 мамырда КВИ-ден 22 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 17 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 50 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54 153, 863 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 883 жетті.
2021 жылдың 18 мамырға Қазақстанда 1 871 823 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 17 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.