Қазақстанда 19 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 124 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 229 217. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 28 991 (+366);
Нұр-Сұлтан қаласында – 27 528 (+285);
ШҚО–да – 22 551 (+28);
Павлодар облысында – 18 688 (+47);
Атырау облысында – 17 881 (+36);
Қарағанды облысында – 16 586 (+98);
Ақмола облысында – 14 743 (+50);
БҚО–да – 14 078 (+81);
Қостанай облысында – 13 300 (+44);
СҚО–да – 12 840 (+35);
Алматы облысында – 12 078 (+91);
Шымкент қаласында – 6476 (+36);
Жамбыл облысында – 6210 (+18);
Ақтөбе облысында – 4614 (+26);
Түркістан облысында - 4398 (+13);
Маңғыстау облысында - 4325 (+6);
Қызылорда облысында - 3930 (+4).
Қазақстанда өткен тәулікте 749 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 209 630, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
19 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 20 237 адам (16 696 КВИ+ және 3 541 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 813 науқас стационарларда, ал 14 424 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 250 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 61 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 34 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 18 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 891 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 17 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 50 жағдайы тіркелді. Оған қоса 189 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 003, 659 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45 803 жетті.
2021 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан облысы орналасқан.
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.