Қазақстанда 1 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 123 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 142;
Алматы қаласында – 195;
Шымкент қаласында – 20;
Ақмола облысында – 79;
Ақтөбе облысында – 11;
Алматы облысында – 60;
Атырау облысында – 30;
ШҚО-да – 71;
Жамбыл облысында – 29;
БҚО-да – 56;
Қарағанды облысында – 259;
Қостанай облысында – 40;
Қызылорда облысында – 9;
Маңғыстау облысында – 8;
Павлодар облысында – 60;
СҚО-да – 41;
Түркістан облысында - 13.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 845 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 357 826 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
1 маусымға КВИ-ден 26 393 адам (25 872 КВИ+ және 521 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
– стационарларда 9 984 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде - 16 409 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 629 пациент,
- аса ауыр халде – 148 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 95 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 31 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 974 өлім жағдайы тіркелген. 30 мамырда КВИ-ден 19 адам қайтыс болды.
2021 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 белгілері бар пневмонияның 11 жаңа жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
2021 жылдың 1 маусымына Қазақстанда 2 131 519 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 1 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Акмола, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.