Қазақстанда 1 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 873 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 246 854. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 34 598 (+515);
Нұр-Сұлтан қаласында – 31 106 (+512);
ШҚО–да – 22 880 (+34);
Павлодар облысында – 19 127 (+17);
Атырау облысында – 18 727 (+75);
Қарағанды облысында – 17 751 (+95);
Ақмола облысында – 15 370 (+48);
БҚО-да – 15 146 (+98);
Қостанай облысында – 13 821 (+37);
СҚО–да – 13 064 (+17);
Алматы облысында – 13 698 (+220);
Шымкент қаласында – 6856 (+51);
Жамбыл облысында – 6423 (+26);
Ақтөбе облысында – 5322 (+86);
Түркістан облысында – 4493 (+7);
Маңғыстау облысында - 4428 (+19);
Қызылорда облысында - 4044 (+15).
Қазақстанда өткен тәулікте 1 219 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 220 313, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
1 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 25 156 адам (23 481 КВИ+ және 1 675 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 8 590 науқас стационарларда, ал 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 348 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 83 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 52 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 31 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 3 060 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 30 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 93 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 215 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 618, 692 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 251 жетті.
2021 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Шамкент қаласы және Қарағанды облысы.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.