30.06.2022, 17:01 22761

Қазақстанда 1 шілдеден бастап сенбі күндері кезекші ХҚКО жұмыс істейтін болады

НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады - 9.00-ден 20.00-ге дейін. 
 

ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Қазақстандықтар сондай-ақ "ХҚКО" қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

 
Айта кетейік, кезекші ХҚКО-лар тек облыс орталықтарында ғана бар. Ұлытау және Жетісу облыстарында олар кейінірек анықталады. 
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда ХҚКО-лардың жұмыс уақытын қысқартқысы келеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны