01.07.2021, 20:04 12364

Қазақстанда 1 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 30 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 425 573 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 436 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 807; 
 
Алматы қаласында - 305; 
 
Шымкент қаласында - 14; 
 
Ақмола облысында - 50; 
 
Ақтөбе облысында - 66; 
 
Алматы облысында - 52; 
 
Атырау облысында - 98; 
 
ШҚО-да - 78; 
 
Жамбыл облысында - 27; 
 
БҚО-да - 121; 
 
Қарағанды облысында - 394; 
 
Қостанай облысында - 51; 
 
Қызылорда облысында - 35; 
 
Маңғыстау облысында - 81; 
 
Павлодар облысында - 64; 
 
СҚО-да - 20; 
 
Түркістан облысында - 44.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 134 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 396 396 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
1 шілдеге КВИ-ден 26 122 адам (24 802 КВИ+ және 1 320 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 7 738 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 18 384 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 488 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 103 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 68 пациент бар. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 маусымда коронавирустан 26 адам қайтыс болған. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап елде КВИ-ден 4 375 өлім тіркелді.
 
29 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 88 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды және 61 адам сауығып кетті. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлығы: ауру – 57 113, өлім - 990, сауыққандар - 52 344.
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. "Сары" аймақта - Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары. "Жасыл" аймақта - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және СҚО. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 30 маусымға I компонентпен 3 413 684 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 039 622 адам вакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны