Қазақстанда 20 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 433 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 439;
Алматы қаласында – 534;
Шымкент қаласында – 109;
Ақмола облысында - 129;
Ақтөбе облысында – 120;
Алматы облысында – 166;
Атырау облысында – 79;
ШҚО-да – 85;
Жамбыл облысында – 23;
БҚО-да – 105;
Қарағанды облысында – 326;
Қостанай облысында – 37;
Қызылорда облысында – 39;
Маңғыстау облысында – 63;
Павлодар облысында – 10;
СҚО-да – 33;
Түркістан облысында - 39.
Қазақстанда өткен тәулікте 3 210 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 327 026, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
20 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 35 846 адам (35 314 КВИ+ және 532 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 13 265 науқас стационарларда, ал 22 581 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 742 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 187 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 107 науқас.
Сонымен қатар, 18 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 105 жағдайы тіркелді. Оған қоса 78 адам емделіп шықты. 18 мамырдағы мәліметтерге сәйкес, КВИ белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54 382, ал жазылып шыққандардың саны 52 981 жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің нақтыланған деректері бойынша, 2020 жылы Қазақстанда оң ПТР-тесті бар коронавирустан 1 783 адам, теріс ПТР-тесті бар коронавирустан 2 946 адам қайтыс болған.
2021 жылдың 4 айында КВИ+ бар 1 480 адам қайтыс болды және КВИ- бар 314 адам қайтыс болды.
19 мамырда КВИ+ расталған 17 науқас қайтыс болды.
2021 жылдың 20 мамырға Қазақстанда 1 923 303 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 20 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары және СҚО.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.