20.04.2021, 19:54 7575

Қазақстанда 20 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 20 СӘУІР - 2021 жылғы 19 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 292 250 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 530 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 292 250. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 46 933 (+682); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 40 169 (+401); 
 
ШҚО–да – 23 953 (+67); 
 
Қарағанды облысында – 20 956 (+217); 
 
Атырау облысында – 20 792 (+97); 
 
Павлодар облысында – 19 889 (+58); 
 
Алматы облысында – 18 840 (+285); 
 
БҚО-да – 17 507 (+237); 
 
Ақмола облысында – 16 961 (+101); 
 
Қостанай облысында – 14 426 (+31); 
 
СҚО–да – 13 641 (+27); 
 
Шымкент қаласында – 8344 (+49); 
 
Ақтөбе облысында – 7811 (+121); 
 
Жамбыл облысында – 7140 (+53); 
 
Маңғыстау облысында – 5071 (+29); 
 
Түркістан облысында - 4974 (+30); 
 
Қызылорда облысында - 4843 (+45).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 084 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 250 180, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
20 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 38 997 адам (38 634 КВИ+ және 363 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 13 836 науқас стационарларда, ал 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 663 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 176 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 96 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 19 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 436 өлім тіркелді. 18 сәуірде КВИ-ден 30 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 18 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 47 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 890, 754 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 773 жетті. 
 
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 733 980 адам вакцинацияланды. 
 
 
2021 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ. және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Қостанай және Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны