21.05.2021, 22:50 11046

Қазақстанда 21 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 21 МАМЫР - 2021 жылғы 20 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 368 748 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 267 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 386; 
 
Алматы қаласында – 510; 
 
Шымкент қаласында – 79; 
 
Ақмола облысында – 137; 
 
Ақтөбе облысында – 72; 
 
Алматы облысында – 140; 
 
Атырау облысында – 87;
 
ШҚО-да – 97; 
 
Жамбыл облысында – 33; 
 
БҚО-да – 109; 
 
Қарағанды облысында – 318; 
 
Қостанай облысында – 38; 
 
Қызылорда облысында – 36; 
 
Маңғыстау облысында – 60; 
 
Павлодар облысында – 105; 
 
СҚО-да – 23; 
 
Түркістан облысында - 37.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 892 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 329 918, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 19 мамырда КВИ-ге теріс ПТР-тесті бар пневмониядан 5 оқиға және коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 26 өлім жағдайы тіркелді.
 
Коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тестімен барлығы 4 095 өлім жағдайы тіркелді.
 
2020 жылдың 1 тамызынан бастап КВИ белгілері бар пневмонияның 54 382 жағдайы тіркелді, 869 адам қайтыс болды.
 
2021 жылдың 21 мамырға Қазақстанда 1 943 409 адам вакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны