23.04.2021, 20:37 9394

Қазақстанда 23 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 23 СӘУІР - 2021 жылғы 22 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 300 733 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 894 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 300 733. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 48 993 (+698); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 41 725 (+511); 
 
ШҚО–да – 24 227 (+98); 
 
Қарағанды облысында – 21 627 (+228); 
 
Атырау облысында – 21 179 (+133); 
 
Павлодар облысында – 20 039 (+48); 
 
Алматы облысында – 19 556 (+195); 
 
БҚО-да – 18 104 (+181); 
 
Ақмола облысында – 17 276 (+126); 
 
Қостанай облысында – 14 522 (+31); 
 
СҚО–да – 13 738 (+41); 
 
Шымкент қаласында – 8667 (+131); 
 
Ақтөбе облысында – 8279 (+226); 
 
Жамбыл облысында – 7337 (+70); 
 
Маңғыстау облысында – 5311 (+67); 
 
Түркістан облысында - 5120 (+39); 
 
Қызылорда облысында - 5033 (+71).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 307 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 257 278, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 40 441 адам (39 943 КВИ+ және 498 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 387 науқас стационарларда, ал 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 689 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 171 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 97 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 22 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 512 өлім тіркелді. 21 сәуірде КВИ-ден 29 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 21 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 107 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 80 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52 255, 764 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 993 жетті. 
 
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 823 498 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ. және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны