Қазақстанда 24 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 832 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 179;
Алматы қаласында – 398;
Шымкент қаласында – 77;
Ақмола облысында – 140;
Ақтөбе облысында – 34;
Алматы облысында – 104;
Атырау облысында – 84;
ШҚО-да – 80;
Жамбыл облысында – 24;
БҚО-да – 85;
Қарағанды облысында – 355;
Қостанай облысында – 41;
Қызылорда облысында – 43;
Маңғыстау облысында – 35;
Павлодар облысында – 73;
СҚО-да – 42;
Түркістан облысында - 38.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 792 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 338 730 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
24 мамырға КВИ-ден 33 002 адам (32 479 КВИ+ және 523 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 13 030 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде - 19 972 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: ауыр халде – 729 пациент, аса ауыр халде – 178 пациент, ӨЖЖ аппаратында – 99 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 23 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 805 өлім жағдайы тіркелген. 22 мамырда КВИ-ден 18 адам қайтыс болды.
2021 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 белгілері бар пневмонияның 15 жаңа жағдайы тіркелді. 34 адам сауығып кетті.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54 706, ал жазылып шыққандардың саны 50 839 жетті.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 24 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары және СҚО.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
2021 жылдың 24 мамырға Қазақстанда 1 991 219 адам вакцинацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.