24.03.2021, 19:17 14740

Қазақстанда 24 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 24 НАУРЫЗ - 2021 жылғы 23 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 235 095 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 088 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 235 095. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында - 30 966 (+380); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 28 561 (+152); 
 
ШҚО-да - 22 668 (+18); 
 
Павлодар облысында - 18 873 (+29); 
 
Атырау облысында - 18 118 (+63); 
 
Қарағанды облысында - 17 028 (+90); 
 
Ақмола облысында - 14 998 (+49); 
 
БҚО-да - 14 473 (+74); 
 
Қостанай облысында - 13 511 (+41); 
 
СҚО-да - 12 926 (+12); 
 
Алматы облысында - 12 563 (+109); 
 
Шымкент қаласында - 6569 (+21); 
 
Жамбыл облысында - 6278 (+5); 
 
Ақтөбе облысында - 4804 (+28); 
 
Түркістан облысында - 4440 (+6); 
 
Маңғыстау облысында - 4364 (+1); 
 
Қызылорда облысында - 3955 (+10).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 817 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласы - 178, 
 
Алматы қаласы - 232, 
 
Шымкент қаласы - 19, 
 
Ақмола облысы - 159, 
 
Алматы облысы - 34, 
 
Атырау облысы - 33, 
 
Шығыс Қазақстан облысы - 10, 
 
Батыс Қазақстан облысы - 40, 
 
Қарағанды облысы - 52, 
 
Қостанай облысы - 15, 
 
Павлодар облысы - 44, 
 
Түркістан облысы - 1. 
 
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 212 908. 
 
24 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 22 014 адам (19 246 КВИ+ және 2 768 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 537 науқас стационарларда, ал 15 477 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 304 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 75 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 42 науқас. 
 
Сонымен қатар, 22 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 150 адам емделіп шықты.
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 146, 667 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 46 711 жетті. 
 
2021 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан облысы орналасқан. 
 
 "Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстары. 
 
 "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
23 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Корея, Үндістан, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.
 
4 398 авиажолаушыдан ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамалар 4 366 адамда болды, анықтамасыз ҚР 32 азаматы келді. Оның ішінде: 
 
• Алматы әуежайына - 17 рейс, 2 734 жолаушы, анықтамамен - 2 707, анықтамасыз - 27; 
 
• Шымкент әуежайына - 7 рейс, 609 жолаушы, барлығы анықтамамен; 
 
• Нұр-Сұлтан әуежайына - 3 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 469, анықтамасыз - 5; 
 
• Ақтау әуежайына - 2 рейс, 339 жолаушы, барлығы анықтамамен; 
 
• Қостанай әуежайына - 1 рейс, 242 жолаушы, барлығы анықтамамен.
 
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарда өз нәтижелерін күтуде.
 
ПТР-талдау нәтижелері бойынша 22 наурызда анықтамасыз келген ҚР 20 азаматының ішінен екі жолаушыда коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы - Мале-Алматы рейсімен, екіншісі - Минск-Нұр-Cұлтан рейсімен келді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны