25.02.2021, 18:27 13698

Қазақстанда 25 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 25 ақпан. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 24 ақпан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 210 357 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 210 357. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 24 689 (+85); 
 
Алматы қаласында - 24 663 (+100); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 21 833 (+68); 
 
Атырау облысында - 17 054 (+49); 
 
Павлодар облысында - 17 298 (+80); 
 
Қарағанды облысында - 15 254 (+62); 
 
Ақмола облысында – 13 366 (+61); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 12 769 (+82); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 207 (+30); 
 
Қостанай облысында - 12 120 (+67); 
 
Алматы облысында - 10 591 (+40); 
 
Шымкент қаласында - 6099 (+15); 
 
Жамбыл облысында - 5894 (+11); 
 
Түркістан облысында - 4264 (+6); 
 
Маңғыстау облысында - 4212 (+5); 
 
Ақтөбе облысында - 4223 (+23); 
 
Қызылорда облысында - 3821 (+11).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 696 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 194 375, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
25 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 20 342 адам (13 261 КВИ+ және 7 081 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 538 науқас стационарларда, ал 15 804 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 240 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 53 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 46 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 25 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 721 өлім тіркелді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар 3 науқас қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 23 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 74 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 211 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 121, 619 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 41 421 жетті. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны