25.03.2021, 16:02 10133

Қазақстанда 25 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 25 НАУРЫЗ - 2021 жылғы 24 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 236 200 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 105 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 236 200. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 31 307 (+341); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 28 756 (+195); 
 
ШҚО–да – 22 687 (+19); 
 
Павлодар облысында – 18 898 (+25); 
 
Атырау облысында – 18 183 (+65); 
 
Қарағанды облысында – 17 120 (+92); 
 
Ақмола облысында – 15 043 (+45); 
 
БҚО-да – 14 549 (+76); 
 
Қостанай облысында – 13 551 (+40); 
 
СҚО – да – 12 933 (+7); 
 
Алматы облысында – 12 667 (+104); 
 
Шымкент қаласында – 6591 (+22); 
 
Жамбыл облысында – 6288 (+10); 
 
Ақтөбе облысында – 4854 (+50); 
 
Түркістан облысында – 4445 (+5); 
 
Маңғыстау облысында - 4369 (+5); 
 
Қызылорда облысында - 3959 (+4).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 835 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 213 743, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
25 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 22 124 адам (19 505 КВИ+ және 2 619 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 731 науқас стационарларда, ал 15 393 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 307 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 76 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 39 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 24 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 952 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 23 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 153 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 152, 669 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 46 864 жетті. 
 
2021 жылғы 25 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны