Қазақстанда 26 ақпанға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 211 212. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 24 824 (+135);
Алматы қаласында - 24 773 (+110);
Шығыс Қазақстан облысында - 21 897 (+64);
Атырау облысында - 17 082 (+28);
Павлодар облысында - 17 376 (+78);
Қарағанды облысында - 15 308 (+54);
Ақмола облысында - 13 440 (+74);
Батыс Қазақстан облысында - 12 844 (+75);
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 245 (+38);
Қостанай облысында - 12 185 (+65);
Алматы облысында - 10 663 (+72);
Шымкент қаласында - 6111 (+12);
Жамбыл облысында - 5915 (+21);
Түркістан облысында - 4267 (+3);
Маңғыстау облысында - 4214 (+2);
Ақтөбе облысында - 4239 (+16);
Қызылорда облысында - 3829 (+8).
Қазақстанда өткен тәулікте 746 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 195 121, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
26 ақпандағы жағдай бойынша КВИ-дан 20 277 адам (13 358 КВИ+ және 6 919 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 452 науқас стационарларда, ал 15 825 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 254 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 53 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 41 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 26 ақпан аралығында коронавирустан жалпы 2 733 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 24 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 212 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 172, 620 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 41 633 жетті.
2021 жылғы 26 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.