26.05.2021, 17:53 7013

Қазақстанда 26 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - 2021 жылғы 25 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 378 311 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 293; 
 
Алматы қаласында – 310; 
 
Шымкент қаласында – 62; 
 
Ақмола облысында – 130; 
 
Ақтөбе облысында – 36; 
 
Алматы облысында – 96; 
 
Атырау облысында – 64; 
 
ШҚО–да – 75; 
 
Жамбыл облысында – 21; 
 
БҚО–да – 87;
 
Қарағанды облысында – 319; 
 
Қостанай облысында – 40; 
 
Қызылорда облысында – 10; 
 
Маңғыстау облысында – 46; 
 
Павлодар облысында – 87; 
 
СҚО-да - 39; 
 
Түркістан облысында - 24.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 810 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 343 788 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
26 мамырға КВИ-ден 31 232 адам (30 667 КВИ+ және 565 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 11 986 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 19 246 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
ауыр халде – 668 пациент, 
 
аса ауыр халде – 171 пациент, 
 
ӨЖЖ аппаратында – 107 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 25 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 856 өлім жағдайы тіркелген. 24 мамырда КВИ-ден 28 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 белгілері бар пневмонияның 121 жаңа жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 26 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Акмола, Атырау, Қарағанды облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны