26.04.2021, 20:52 6115

Қазақстанда 26 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - 2021 жылғы 25 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 309 116 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 716 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 309 116. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 51 062 (+693); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 43 245 (+475); 
 
ШҚО–да – 24 507 (+86); 
 
Қарағанды облысында – 22 336 (+240); 
 
Атырау облысында – 21 520 (+97); 
 
Алматы облысында – 20 227 (+220); 
 
Павлодар облысында – 20 225 (+75); 
 
БҚО–да – 18 643 (+166); 
 
Ақмола облысында – 17 721 (+150); 
 
Қостанай облысында – 14 607 (+27); 
 
СҚО–да – 13 857 (+34); 
 
Шымкент қаласында – 8987 (+96); 
 
Ақтөбе облысында – 8708 (+125); 
 
Жамбыл облысында – 7532 (+51); 
 
Маңғыстау облысында - 5473 (+50); 
 
Түркістан облысында - 5255 (+49); 
 
Қызылорда облысында - 5241 (+82).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 799 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 263 446, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
26 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 549 адам (42 100 КВИ+ және 449 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 15 273 науқас стационарларда, ал 27 276 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 769 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 179 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 113 науқас. 
 
Сонымен қатар, 24 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 25 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 80 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52 459, 775 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 235 жетті. 
 
2021 жылдың 26 сәуіріне Қазақстанда 893 633 адам вакцинацияланды.
 
Қазақстанда халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталды. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық вакцинаны алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны