Қазақстанда 27 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 284 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 311 400. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 51 751 (+689);
Нұр-Сұлтан қаласында – 43 539 (+294);
ШҚО–да – 24 575 (+68);
Қарағанды облысында – 22 586 (+250);
Атырау облысында – 21 575 (+55);
Алматы облысында – 20 491 (+264);
Павлодар облысында – 20 312 (+87);
БҚО–да - 18 734 (+91);
Ақмола облысында – 17 867 (+146);
Қостанай облысында – 14 633 (+26);
СҚО–да – 13 883 (+26);
Шымкент қаласында – 9022 (+35);
Ақтөбе облысында – 8773 (+65);
Жамбыл облысында – 7589 (+57);
Маңғыстау облысында - 5501 (+28);
Түркістан облысында - 5306 (+51);
Қызылорда облысында - 5293 (+52).
Қазақстанда өткен тәулікте 2 494 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 265 940, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
27 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 260 адам (41 861 КВИ+ және 399 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 785 науқас стационарларда, ал 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 756 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 179 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 110 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 26 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 599 өлім тіркелді. 25 сәуірде КВИ-ден 29 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 25 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 12 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 55 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52 471, 782 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 290 жетті.
2021 жылдың 27 сәуіріне Қазақстанда 949 451 адам вакцинацияланды.
Эпидемиологиялық қаупі жоғары аймақта 10 өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
Бүгінгі таңда орта эпидемиологиялық қауіп аймағында бес аймақ бар: Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.
"Жасыл" аймақта екі өңір бар: Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Батыс Қазақстанда блокпосттар қайта орнатылады.
ШҚО-да Ashyq жобасын жүзеге асыруға кірісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.