28.06.2021, 18:27 7990

Қазақстанда 28 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - 2021 жылғы 27 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық 419 800 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 686 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 507; 
 
Алматыда - 215; 
 
Шымкентте - 103; 
 
Ақмола облысында - 43; 
 
Ақтөбе облысында - 35; 
 
Алматы облысында - 33; 
 
Атырау облысында - 73; 
 
ШҚО-да - 70; 
 
Жамбыл облысында - 36; 
 
БҚО-да - 101; 
 
Қарағанды облысында - 278; 
 
Қостанай облысында - 42; 
 
Қызылорда облысында - 28; 
 
Маңғыстау облысында - 38; 
 
Павлодар облысында - 33; 
 
СҚО-да - 13; 
 
Түркістан облысында - 38.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 181 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 392 777 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 28 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
 
"Сары" аймақта - Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. "Жасыл" аймақта - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Түркістан облыстары және СҚО.
 
28 маусымға КВИ-ден 24 001 адам (22 707 КВИ+ және 1 294 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
– стационарларда 7 307 пациент бар; 
 
– амбулаториялық деңгейде - 16 694 пациент. 
 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: ауыр халде – 458 пациент, аса ауыр халде – 107 пациент, ӨЖЖ аппаратында – 68 пациент бар", - делінген хабарламада.

 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2021 жылғы 27 маусымға I компонентпен 3 165 155 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 905 062 адам вакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны