02.03.2021, 17:42 9336

Қазақстанда 2 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 2 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 1 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 214 089 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 214 089. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 160 (+65); 
 
Алматы қаласында - 25 175 (+102); 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 22 094 (+55); 
 
Атырау облысында - 17 205 (+24); 
 
Павлодар облысында - 17 694 (+77); 
 
Қарағанды облысында - 15 460 (+27); 
 
Ақмола облысында - 13 733 (+78); 
 
Батыс Қазақстан облысында - 13 054 (+46); 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 385 (+37); 
 
Қостанай облысында - 12 436 (+62); 
 
Алматы облысында - 10 914 (+48); 
 
Шымкент қаласында - 6171 (+17); 
 
Жамбыл облысында - 5961 (+5); 
 
Түркістан облысында - 4288 (+3); 
 
Маңғыстау облысында - 4231 (+1); 
 
Ақтөбе облысында - 4273 (+5); 
 
Қызылорда облысында - 3855 (+6).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 893 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 197 782, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
2 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 19 694 адам (13 535 КВИ+ және 6 159 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 360 науқас стационарларда, ал 15 334 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 250 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 48 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 44 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 2 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 772 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 28 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 13 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 213 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 307, 628 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42 520 жетті.
 
2021 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны