Қазақстанда 2 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 077 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 248 931. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 35 193 (+595);
Нұр-Сұлтан қаласында – 31 533 (+427);
ШҚО–да – 22 921 (+41),
Павлодар облысында – 19 148 (+21);
Атырау облысында – 18 830 (+103);
Қарағанды облысында – 17 895 (+144);
Ақмола облысында – 15 420 (+50);
БҚО-да – 15 250 (+104);
Қостанай облысында – 13 857 (+36);
СҚО–да – 13 069 (+5);
Алматы облысында – 13 937 (+239);
Шымкент қаласында – 6952 (+96);
Жамбыл облысында – 6441 (+18);
Ақтөбе облысында – 5449 (+127);
Түркістан облысында – 4515 (+22);
Маңғыстау облысында - 4450 (+22);
Қызылорда облысында - 4071 (+27).
Қазақстанда өткен тәулікте 1 034 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 221 347, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
2 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 26 095 адам (24 512 КВИ+ және 1 583 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 9 098 науқас стационарларда, ал 16 997 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 365 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 90 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 56 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 1 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 072 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 31 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 77 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 167 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 695, 694 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 418 жетті.
2021 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.