Қазақстанда 2 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 590 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтанда - 764;
Алматыда - 353;
Шымкентте - 103;
Ақмола облысында - 88;
Ақтөбе облысында - 63;
Алматы облысында - 59;
Атырау облысында - 103;
ШҚО-да - 82;
Жамбыл облысында - 32;
БҚО-да - 143;
Қарағанды облысында - 468;
Қостанай облысында - 52;
Қызылорда облысында - 49;
Маңғыстау облысында - 107;
Павлодар облысында - 59;
СҚО-да - 27;
Түркістан облысында - 38.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 430 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 397 826 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
2 шілдеге КВИ-ден 27 261 адам (25 938 КВИ+ және 1 323 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: стационарларда 8 255 пациент бар; амбулаториялық деңгейде - 19 006 пациент. КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: ауыр халде – 517 пациент, аса ауыр халде – 108 пациент, ӨЖЖ аппаратында – 72 пациент бар", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінде.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 маусымда коронавирустан 24 адам қайтыс болған. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап елде КВИ-ден 4 399 өлім тіркелді. 1 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды.
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 2 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта - Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстары және СҚО.
Қазақстанда 2021 жылғы 2 шілдеге I компонентпен 3 502 814 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 085 919 адам вакцинацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.