Қазақстанда 30 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 853 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 319 818. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 53 819 (+675);
Нұр-Сұлтан қаласында – 45 128 (+566);
ШҚО–да – 24 846 (+101);
Қарағанды облысында – 23 355 (+255);
Атырау облысында – 21 863 (+80);
Алматы облысында – 21 124 (+180);
Павлодар облысында – 20 673 (+146);
БҚО-да – 19 185 (+155);
Ақмола облысында – 18 296 (+150);
Қостанай облысында – 14 709 (+26);
СҚО-да – да – 13 974 (+35);
Шымкент қаласында – 9331 (+105);
Ақтөбе облысында – 9114 (+130);
Жамбыл облысында – 7814 (+77);
Маңғыстау облысында – 5675 (+57);
Түркістан облысында - 5415 (+45);
Қызылорда облысында - 5497 (+70).
Қазақстанда өткен тәулікте 2 626 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 273 915, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
30 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 730 адам (42 235 КВИ+ және 495 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 15 207 науқас стационарларда, ал 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 763 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 196 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 112 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 29 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 668 өлім тіркелді. 28 сәуірде КВИ-ден 30 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 28 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 105 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52 844, 794 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 555 жетті.
2021 жылдың 30 сәуіріне Қазақстанда 1 184 124 адам вакцинацияланды.
2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.