04.05.2021, 20:24 7747

Қазақстанда 4 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 4 МАМЫР - 2021 жылғы 3 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 330 071 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 076 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 330 071. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 56 526 (+658); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 46 729 (+250); 
 
ШҚО–да – 25 199 (+77); 
 
Қарағанды облысында – 24 302 (+240); 
 
Атырау облысында – 22 153 (+44); 
 
Алматы облысында – 21 969 (+180); 
 
Павлодар облысында – 21 282 (+125); 
 
БҚО-да – 19 680 (+73); 
 
Ақмола облысында – 18 863 (+137); 
 
Қостанай облысында – 14 817 (+26); 
 
СҚО–да – 14 057 (+6); 
 
Шымкент қаласында – 9727 (+65); 
 
Ақтөбе облысында – 9516 (+27); 
 
Жамбыл облысында – 8080 (+58); 
 
Маңғыстау облысында – 5854 (+3); 
 
Қызылорда облысында - 5794 (+73); 
 
Түркістан облысында - 5523 (+34).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 366 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 281 708, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 45 012 адам (44 601 КВИ+ және 411 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 15 517 науқас стационарларда, ал 29 495 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 770 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 192 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 130 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 3 мамыр аралығында коронавирустан жалпы 3 762 өлім тіркелді. 2 мамырда КВИ-ден 29 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 2 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 50 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 093, 812 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 870 жетті. 
 
2021 жылдың 4 мамырға Қазақстанда 1 422 204 адам вакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны