Қазақстанда 4 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 804 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 215 610. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 312 (+84);
Алматы қаласында - 25 401 (+121);
ШҚО-да - 22 177 (+34);
Атырау облысында - 17 261 (+21);
Павлодар облысында - 17 854 (+81);
Қарағанды облысында - 15 560 (+54);
Ақмола облысында - 13 853 (+51);
БҚО-да - 13 190 (+72);
СҚО-да - 12 449 (+39);
Қостанай облысында - 12 558 (+61);
Алматы облысында - 11 029 (+64);
Шымкент қаласында - 6235 (+52);
Жамбыл облысында - 5985 (+15);
Түркістан облысында - 4306 (+12);
Маңғыстау облысында - 4253 (+10);
Ақтөбе облысында - 4308 (+23);
Қызылорда облысында - 3879 (+10).
Қазақстанда өткен тәулікте 874 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 199 600, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
4 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 19 053 адам (13 227 КВИ+ және 5 826 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 418 науқас стационарларда, ал 14 635 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 237 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 45 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 51 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 4 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 783 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 2 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 216 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 418, 635 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42 957 жетті.
2021 жылғы 4 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.