04.08.2021, 18:49 6642

Қазақстанда 4 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: коронавирус жағдайларының саны 600 мыңнан асты

НҰР-СҰЛТАН. 4 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 3 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 602 952 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 519 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 351; 
 
Алматы қаласында – 1 558; 
 
Шымкент қаласында – 502; 
 
Ақмола облысында – 257; 
 
Ақтөбе облысында – 365; 
 
Алматы облысында – 315; 
 
Атырау облысында – 381; 
 
ШҚО–да – 302; 
 
Жамбыл облысында – 181; 
 
БҚО–да – 163; 
 
Қарағанды облысында – 895; 
 
Қостанай облысында – 270; 
 
Қызылорда облысында – 198; 
 
Маңғыстау облысында – 223; 
 
Павлодар облысында – 307; 
 
СҚО-да - 141; 
 
Түркістан облысында - 110.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 3 554 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 492 689 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 тамызға КВИ-ден 107 016 адам (103 986 КВИ+ және 3 030 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 29 325 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 77 691 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 786 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 412 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 209 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 3 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 277 өлім жағдайы тіркелген. 2 тамыз күні КВИ-ден 124 адам қайтыс болды. 
 
2 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 471 жағдайы тіркелді, 25 адам қайтыс болды және 110 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 61 772, өлім – 3 781, сауыққандар – 54 961. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 3 тамызға I компонентпен 5 530 789 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 084 463 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 4 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта - Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны