Қазақстанда 5 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 921 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 255 028. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 37 023 (+611);
Нұр-Сұлтан қаласында – 32 815 (+368);
ШҚО–да – 23 034 (+34);
Павлодар облысында – 19 274 (+54);
Атырау облысында – 19 143 (+103);
Қарағанды облысында – 18 152 (+88);
Ақмола облысында – 15 566 (+52);
БҚО-да – 15 576 (+105);
Қостанай облысында – 13 962 (+35);
СҚО-да – 13 124 (+20);
Алматы облысында – 14 728 (+255);
Шымкент қаласында – 7129 (+48);
Жамбыл облысында – 6515 (+26);
Ақтөбе облысында – 5729 (+61);
Түркістан облысында – 4569 (+12);
Маңғыстау облысында - 4530 (+31);
Қызылорда облысында - 4159 (+18).
Қазақстанда өткен тәулікте 1 421 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 225 256, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
5 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 27 836 адам (26 662 КВИ+ және 1 174 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 10 354 науқас стационарларда, ал 17 482 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 452 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 117 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 70 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 4 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 110 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 3 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 177 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 832, 702 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 956 жетті.
2021 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. "Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.