Қазақстанда 6 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 809 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 256 837. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 37 608 (+585);
Нұр-Сұлтан қаласында – 33 057 (+242);
ШҚО–да – 23 057 (+23);
Павлодар облысында – 19 305 (+31);
Атырау облысында – 19 207 (+64);
Қарағанды облысында – 18 242 (+90);
Ақмола облысында – 15 626 (+60);
БҚО-да – 15 677 (+101);
Қостанай облысында – 13 996 (+34);
СҚО–да – 13 148 (+24);
Алматы облысында – 15 006 (+278);
Шымкент қаласында – 7159 (+30);
Жамбыл облысында – 6543 (+28);
Ақтөбе облысында – 5882 (+153),
Түркістан облысында – 4585 (+16);
Маңғыстау облысында - 4541 (+11);
Қызылорда облысында - 4198 (+39).
Қазақстанда өткен тәулікте 1 122 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 226 378, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
6 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 28 333 адам (27 330 КВИ+ және 1 003 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 10 243 науқас стационарларда, ал 18 090 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 456 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 132 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 77 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 5 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 129 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 4 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 171 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 839, 709 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 49 127 жетті.
Вирустың репродуктивті көрсеткіші республика бойынша 1,16 құрайды. Инфекциялық төсектердің жүктемесі – 36%, реанимациялық төсектердің – 22%.
2021 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары орналасқан. "Сары" аймақта: Шымкент қаласы және Қарағанды облысы. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.