Қазақстанда 7 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 080 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 258 917. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 38 228 (+620);
Нұр-Сұлтан қаласында – 33 429 (+372);
ШҚО–да – 23 096 (+39);
Павлодар облысында – 19 330 (+25);
Атырау облысында – 19 309 (+102);
Қарағанды облысында – 18 386 (+144);
Ақмола облысында – 15 699 (+73);
БҚО-да – 15 775 (+98);
Алматы облысында – 15 286 (+280);
Қостанай облысында – 14 030 (+34);
СҚО–да – 13 168 (+20);
Шымкент қаласында – 7231 (+72);
Жамбыл облысында – 6574 (+31);
Ақтөбе облысында – 6003 (+121);
Түркістан облысында - 4598 (+13);
Маңғыстау облысында - 4552 (+11);
Қызылорда облысында - 4223 (+25).
Қазақстанда өткен тәулікте 1 711 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 228 089, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
7 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 28 624 адам (27 672 КВИ+ және 952 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 10 477 науқас стационарларда, ал 18 147 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 474 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 148 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 79 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 6 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 156 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 5 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 116 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 163 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 955, 713 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 49 290 жетті.
2021 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.