14.11.2022, 13:47 11896

Қазақстанда 800-ден астам адам коронавирустан емделуді жалғастыруда

Өткен тәулікте коронавирус ауруының 29 жаңа жағдайы тіркелді.
Қазақстанда 800-ден астам адам коронавирустан емделуді жалғастыруда
Сурет: Depositphotos
Астана. 14 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 29 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 348 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 қарашада КВИ-ден 828 адам (666 КВИ+ және 162 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 79 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 749 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 7 пациент,
 
- аса ауыр халде – 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны