30.09.2022, 14:30 17036

Қазақстанда 89 адам коронавирус жұқтырған

Пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 393 557 жағдай тіркелді.
АСТАНА. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 89 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 393 557 жағдай тіркелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жаңа жағдайлар анықталды:
 
Астанада - 18, 
 
Алматыда - 11, 
 
Шымкентте - 1, 
 
Ақмола облысында - 15, 
 
Ақтөбе облысында - 2, 
 
Алматы облысында - 2, 
 
Атырау облысында - 1, 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 1, 
 
Батыс Қазақстан облысында - 5, 
 
Қарағанды облысында - 8, 
 
Ұлытау облысында - 1, 
 
Қостанай облысында - 7, 
 
Павлодар облысында - 1, 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 10, 
 
Түркістан облысында - 3.
 
28 қыркүйекте Қазақстанда коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілерімен пневмонияның 8 жағдайы анықталды. 
 
30 қыркүйекке КВИ-ден 1 334 адам (1 210 КВИ+ және 124 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 133 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 201 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 3 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 5 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 3 пациент бар. 
 
2022 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 835 128 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 591 968 адам вакцинацияланды
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны