Қазақстанда 8 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 653 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 218 754. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 714 (+42);
Алматы қаласында - 25 996 (+141);
ШҚО-да - 22 315 (+21);
Атырау облысында - 17 441 (+43);
Павлодар облысында - 18 139 (+65);
Қарағанды облысында - 15 749 (+38);
Ақмола облысында - 14 102 (+68);
БҚО-да - 13 426 (+34);
СҚО-да - 12 582 (+36);
Қостанай облысында - 12 775 (+50);
Алматы облысында - 11 256 (+68);
Шымкент қаласында - 6290 (+8);
Жамбыл облысында - 6055 (+15);
Түркістан облысында - 4328 (+3);
Маңғыстау облысында - 4282 (+2);
Ақтөбе облысында - 4401 (+13);
Қызылорда облысында - 3903 (+6).
Қазақстанда өткен тәулікте 480 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 202 230, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
8 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 18 838 адам (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 556 науқас стационарларда, ал 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 238 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 60 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 38 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 7 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 812 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 6 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 195 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 573, 644 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43 803 жетті.
2021 жылғы 8 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары орналасқан. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.