Қазақстанда 9 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 571 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 219 325. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 775 (+61);
Алматы қаласында - 26 114 (+118);
ШҚО-да - 22 333 (+18);
Атырау облысында - 17 468 (+27);
Павлодар облысында - 18 202 (+63);
Қарағанды облысында - 15 784 (+35);
Ақмола облысында - 14 174 (+72);
БҚО-да - 13 465 (+39);
СҚО-да - 12 606 (+24);
Қостанай облысында - 12 825 (+50);
Алматы облысында - 11 294 (+38);
Шымкент қаласында - 6290 (+0);
Жамбыл облысында - 6072 (+17);
Түркістан облысында - 4331 (+3);
Маңғыстау облысында - 4285 (+3);
Ақтөбе облысында - 4404 (+3);
Қызылорда облысында - 3903 (+0).
Қазақстанда өткен тәулікте 464 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 202 694, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
9 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 18 758 адам (13 812 КВИ+ және 4 946 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 638 науқас стационарларда, ал 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 254 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 54 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 40 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 8 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 819 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 7 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 182 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 577, 646 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43 985 жетті.
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті.
2021 жылғы 9 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары орналасқан.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.