Қазақстанда 9 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 440 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 263 943. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 39 655 (+717),
Нұр-Сұлтан қаласында – 34 453 (+446),
ШҚО–да – 23 200 (+49),
Павлодар облысында – 19 396 (+38),
Атырау облысында – 19 595 (+149),
Қарағанды облысында – 18 715 (+169),
Ақмола облысында – 15 898 (+101),
БҚО-да – 16 010 (+110),
Алматы облысында – 15 865 (+254),
Қостанай облысында – 14 096 (+33),
СҚО–да – 13 233 (+49),
Шымкент қаласында – 7384 (+72),
Жамбыл облысында – 6651 (+38),
Ақтөбе облысында – 6236 (+116),
Түркістан облысында – 4640 (+23),
Маңғыстау облысында - 4628 (+33),
Қызылорда облысында - 4288 (+43).
Қазақстанда өткен тәулікте 1 786 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 231 324, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
9 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 30 219 адам (29 429 КВИ+ және 790 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 11 376 науқас стационарларда, ал 18 843 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 517 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 163 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 87 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 8 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 190 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 7 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 104 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 172 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 159, 721 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 49 648 жетті.
2021 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.