Қазақстанда 9 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: коронавирус ауруының 7 671 жаңа жағдайы тіркелді
Қазақстанда өткен тәулікте 7 671 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 1 452;
Алматы қаласында - 1 503;
Шымкент қаласында - 565;
Ақмола облысында - 256;
Ақтөбе облысында - 393;
Алматы облысында - 244;
Атырау облысында - 416;
ШҚО-да - 230;
Жамбыл облысында - 190;
БҚО-да - 111;
Қарағанды облысында - 1058;
Қостанай облысында - 237;
Қызылорда облысында - 205;
Маңғыстау облысында - 214;
Павлодар облысында - 295;
СҚО-да - 158;
Түркістан облысында - 144.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 525 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 525 627 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
9 тамызға КВИ-ден 113 186 адам (109 382 КВИ+ және 3 804 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 31 504 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 81 682 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 1 981 пациент,
- аса ауыр халде – 402 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 192 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 8 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 876 өлім жағдайы тіркелген. 7 тамыз күні КВИ-ден 112 адам қайтыс болды.
7 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді, 28 адам қайтыс болды және 135 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 63 442, өлім – 3 915, сауыққандар – 55 723.
Қазақстанда 2021 жылғы 8 тамызға I компонентпен 5 750 698 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 382 869 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 6 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта - Түркістан облысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.