10.11.2023, 13:47 85076

Қазақстанда апта сайын мыңнан астам адам қызылша жұқтыруда

Еліміздегі емханалар дер кезінде екпе алмаған ересектер мен балалармен байланыста болған адамдарды иммундау жүріп жатыр
Қазақстанда қызылшамен ауырғандардың апта сайынғы өсімі 1300 адамнан асты. Көбінесе бұл қауіпті дертке жас балалар шалдығады, деп хабарлайды Zakon.kz 24.kz сілтеме жасай отырып.

Қызылша ауруының көбеюі туралы мәліметтерді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл айтты. Бүгінгі таңда қызылшаны жұқтырған 13 мың адам анықталса, оның 11 мыңы балалар. Манар Смағұл қауіпті дерттің нақты емі жоқ, бірақ оның алдын алудың жолы екпе екенін айтты.

Еліміздегі емханалар дер кезінде екпе алмаған ересектер мен балалармен байланыста болған адамдарды иммундау жүріп жатыр. Бүгінге дейін сегіз мың балаға екпе салынды.

Әсерін сәл кейінірек көреміз. Иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек, вакцина алғаннан кейін адам көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту керек, өйткені иммунитет қалыптасуы үшін 2 апта қажет. Қызылшаның салдары өте ауыр. Статистикаға сәйкес, 1000 науқас баланың біреуі қызылша энцефалитімен ауыруы мүмкін"- дейді  Манар Смағұл.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елордадағы тоғызыншы қалалық емханада немересіне қызылшаға қарсы екпе салдырып, Қазақстанда өршіп тұрған қауіпті аурудан қорғау үшін министр ата-аналарды балаларын вакцинациялауға шақырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны