01.04.2021, 23:40 13526
Қазақстанда барлық үш мутацияланған КВИ штаммдарының бар екендігі расталды
Достарға айту
2020 жылдың қараша айында Қазақстанға келген ПТР анықтамасы жоқ азаматтардың үлесі 7,3 пайыз болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 27 пайызға жетті!", – деді Президент.
Ол нәтижесінде елімізде жұғу қаупі өте жоғары мутацияға ұшыраған үш бірдей штам расталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта дертке шалдыққан адамдардың саны күн санап өсіп барады. Сондай-ақ ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны да көбейген. Бұдан бөлек өлім жағдайлары да артқан.
Мемлекет басшысы Үкіметке және өңір әкімдеріне жан сақтау бөлімшелерін жабдықтау бойынша шараларды қабылдауды және оған бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларын жауапты ретінде бекітуді тапсырды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халықты вакцинациялау жұмысын сынға алып, Денсаулық сақтау министрі мен Үкіметке оларды жұмыстан босатамын деп қорқытты. Сондай-ақ, Президент пандемиядан зардап шеккен экономика секторларында шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.12.2024, 17:04 19866
Алматыда жаңа жылдық шыршалар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Достарға айту
Жаңа жыл жақындаған сайын Алматыдағы Панфилов көшесі қылқан жапырақтың иісі мен мерекелік көңіл-күйге толы нағыз қысқы базарға айналды. Жәрмеңке әркім үйіне жаңа жылдық шырша таңдай алатын алматылықтардың сүйікті орнына айналды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеде сатып алушыларға биік шыршадан бастап шағын ыдыстағы ағаштарға дейін түрлі тауар ұсынылған.
Мен жыл сайын базардан шырша сатып аламын, бірақ биыл дәл осы жерден сатып алуды шештім, өйткені бағасы бірдей. Балалармен келіп шырша таңдап жатырмыз, пірәндіктерден дәм татып, жарқыраған қондырғылардың жанында суретке түстік. Мұндағы атмосфера керемет, шаршағаныңды ұмытасың, суық та сезілмейді. Жаңа жылдың жақындап қалғаны анық сезіледі", - деді Ерлан Қасымов.
Жәрмеңкеде классикалық қылқан жапырақ ағаштарымен қатар қармен көмкерілгендей сәнделген дизайнерлік шыршаларды да сатып алуға болады. Мұндағы ассортименттің молдығын қала тұрғындары ерекше атап өтуде.
Біз құрбымызбен жай ғана көріп қайтуға келген едік, бірақ қызығып, шырша, ойыншықтар мен гирляндалар сатып алдық. Енді бірге жиналып, шыршаны безендіріп, какао ішеміз. Мұнда сондай әдемі, жылы әрі жайлы, кеткің келмейді. Бұл жәрмеңке қаланың ең керемет орындарының біріне айналғанына сенімдімін", - деді студент Алина Әбілдаева.
Жәрмеңкенің безендірілуі ерекше әсер қалдырады: гирляндалар, жарқыраған шамдар, фотоаймақтар - мұның бәрі ғажайып мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Әсіресе, қар басқан шаналар, жарқыраған аққалалар мен бұғының мүсіндері балаларды қуантады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 17:00 20086
Әлеуметтік әмиян: бүгінде 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік органдар жұмысында жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект ендіру мәселесі қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өз кезегінде министр цифрландыру жүйесі арқылы бүгінде ешкімді таңғалдыру мүмкін емес екенін, себебі, проактивті қызмет көрсету енгізілгендіктен әр азамат ұялы телефонында түрлі қызметтке санаулы минуттарда қол жеткізе алатынын айтты. Алайда, бұнымен тоқтап қалуға болмайтынын жеткізді.
Әлемде жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Біз де осы технологияны мемлекеттік қызметтерге енгізудің қажеттілігін түсініп отырмыз. Жасанды интеллектіні азаматтар және бизнес салаларына енгізу еліміздің экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді. Экономика тиімдірек болады, еңбек өнімділігі артып, білім экономикасы дамиды", - деп түсіндірді спикер.
Сондай-ақ Жаслан Мәдиев азаматтар, бизнес, мемлекеттік басқару салаларында жасанды интеллектіні енгізу жұмыстарының қалай басталып жатқаны және Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытудың келешегі туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде цифрландыру қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып отыр, бұл - денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, құқықтық қолдау. 2023 жылы 44 млн-нан астам қызмет көрсетілген.
Қазіргі таңда цифрландырудың ең жарқын мысалы - цифрлық құжаттар бүгінде толыққанды физикалық құжаттарға теңестірілді. Азаматтар ел ішінде ұшақтарда, пойыздарда ешқандай физикалық құжатсыз, тек цифрлық құжаттардың негізінде еркін жүре алады. Биыл бұл қызмет 200 млн-нан астам рет көрсетілген. Тағы бір мысал - онлайн нотариус. Азаматтар Қазақстаннан тыс жерде болған күннің өзінде онлайн түрде қызмет ала алады. Мұндай қызметтер 170 мыңнан астам рет көрсетілді.
Біз проактивті қызметтерді енгізуді бастап кеттік. Бұл - азаматтар өздері тиісті мекемеге жүгінбей-ақ автоматты түрде көрсетілетін қызметтер. Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз әлеуметтік әмиянды енгіздік", - деп мәлімдеді министр.
Әлеуметтік әмиян - мемлекеттік қолдаудың атаулы шаралары құралының алғашқы екі қызметі басталды:
1. Оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту.
2. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Бүгінде елімізде 2000-нан астам мектепте білім алып жатқан 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Мемлекеттік дәріханалар жүйесі проактивті қызметтермен 100% қамтамасыз етіліп, 1,5 млн-нан астам рецепт өңделіп, берілді.
Дегенмен, кейбір азаматтар қызметті қолдануда ыңғайсыздыққа тап болатынын байқадық. Олар қызметтерді қосымшадан іздеу, сілтемені көру сияқты процестерді қиынсынады. Оларға әлі де ХҚКО-ға барған жеңілдеу. Сондықтан бұл жерде жасанды интеллектті енгізу қажет деп санаймыз. Цифрландыру азаматтар өмірінің барлық саласын қамтығанымен, біз жасанды интеллект негізінде виртуалды көмекшілерді енгізу бойынша жұмысты бастадық. Біз жасанды интеллектті азаматтар үшін енгізудеміз. Енді бизнес те шеттеп қалмауы тиіс", - деді спикер.
Жаслан Мәдиев бизнеске көмек ретінде цифрландыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Ол бүгінде ЖК, ЖШС ашу, рұқсаттарды алу өте оңай екенін, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіліп, есеп беруді автоматтандыру және қысқарту жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар адамның араласуынсыз тексерулер санын 2 есе қысқартуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Биыл ғана 60 мың тексеру жүргізілді.
Үкіметтің басым бағыты - отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша деректермен үлкен жұмыс жүргізілді. Бүгінде 40-тан астам деректер базасы біріктірілді, бұл базада кәсіпорынға қатысты 2 мыңнан астам көрсеткіш бар. Бұл деректер мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін пайдаланылуда. Біз деректер базалары мен дэшбордтарды жүктеп, талдамалық анықтамалар, әрекетке ұсыныстар мен көрсеткіштердің өсуіне немесе төмендеуіне әсер еткен факторларды аламыз", - деді ол.
Мәселен, 2023 жылы отандық тауар өндірушілердің сатып алуы өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға өскен. Сонымен қатар жасанды интеллект сатып алуларда 3,5 трлн теңге көлеміндегі қосымша әлеуетті анықтаған. Осылайша, бизнеске жасанды интеллектінің қалай көмектесетіні айқындалды.
Спутниктік шешімдер бойынша жасанды интеллект көмегімен заңсыз қоқыстар, жерді басып алу, орманды заңсыз кесу фактілері анықталады. Цифрлық отбасы картасы шеңберінде 6 млн-нан астам отбасы цифрландырылып, мәліметтер мемлекеттік басқаруда пайдаланылады. Жасанды интеллект талдамалық мәліметтер береді, бұл деректер апта сайын әкімдіктерге жолданады.
Жасанды интеллектіні дамыту үшін бүгінде инновациялық экожүйе құрылып отыр. Астана Хаб базасында стартаптарды қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз елімізде жасанды интеллектіні дамыту үшін Үкіметте 5 жылдық тұжырымдаманы қабылдадық. Аталған тұжырымдама бойынша бірнеше маңызды бағыт бар. Біріншісі, суперкомпьютерлік кластерді, суперкомпьютерлік инфроқұрылымды дайындау. Екіншісі, заңнамалық актілерді шығару. Үшіншісі, адами капиталды дамыту. Келесі жылы қарқынды түрде осы бағыттарды пысықтаймыз", - деп қорытындылады сөзін спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:59 28336
Алматыда 80 шыршаның шамы жағылды: қалада мерекелік шаралар бастау алды
Достарға айту
Алматыда бір мезетте 80 жаңа жылдық шыршаның шамы жағылып, бұл мерекелік маусымның символдық басталуын көрсетті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Абай алаңында Алматының басты жаңа жылдық шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Оның биіктігі 25 метр. Биыл мегаполис шыршасы алғаш рет классикалық стильде жасалып, қаңқалы емес, табиғи діңді болды. Шыршаны безендіру үшін алты метр гирлянда, түрлі-түсті шарлар мен жаңа жылдық ойыншықтар қолданылған.
Рәсімге ауа райы ертегідей ерекше атмосфера сыйлады: жаңа жылдық арудың айналасын сиқырлы қар қоршап тұрды, ал мамықтай аппақ қар ұлпалары мегаполистің басты шыршасын безендіріп тұрды.
8 мыңнан астам алматылық пен мегаполис қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен керемет шоуды тамашалады.
Мен жас орындаушыларды қолдап, құттықтау үшін келдім. Шырша өте әдемі, бәрі тамаша ұйымдастырылған. Концерт те керемет өтті, ал қарлы ауа райы нағыз жаңажылдық көңіл-күй сыйлады", - деді мегаполис тұрғыны Сергей Дмитриевич.
Концерттік бағдарламаны "BS band" үрмелі оркестрі ашып, жаңажылдық әуендерден попурри орындады. Роза Рымбаеваның сахнаға шығуы ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Халық әртісі "Снег идет" және "Жұлдызды жаңа жыл" әндерін орындап, кешті жылулық пен жағымды эмоцияға толтырды.
Бүгін алматылықтар мен қала қонақтарына жаңажылдық көңіл-күйді Назым Әбілдина, Мәди Рымбаев, Динара және Балжан Бидаш сыйлады. Әсіресе жастар "ALPHA" тобы, Dakelot, "ASTRA" тобы, Малика YES және Adil өнерін асыға күтті.
Мен Жаңа жылды қатты жақсы көремін. Мұндай шаралар бақыт сыйлайды. Мұндай керемет мерекені ұйымдастырған әкімдікке алғысым шексіз. Жауған қар да ерекше атмосфера сыйлап, бәрі өте ертегідей болды", - деді Алматы тұрғыны.
Turar-дың "Жаңа жыл" әнімен қаладағы алғашқы жаңажылдық концерт аяқталып, көрермендерге мереке алдындағы керемет көңіл-күй сыйлады.
Ертегідегідей атмосфераны күймедегі Күлбике, Зімбір адам, бұғылар және басқа да кейіпкерлер бейнеленген көркем безендіру элементтері, жарқыраған фотоаймақтар мен жарық инсталляциялары толықтырды.
Айта кетейік, қаладағы барлық ауданда шырша жағу рәсімдері концерттер мен әртүрлі шаралармен бірге ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ бүгін Абай алаңында басты жаңа жылдық жәрмеңке ашылды. Ол 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жұмыс істеп, тұрғындар мен қонақтарға кәдесыйлар, қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен мерекелік әшекейлер ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:50 28556
Биылғы желтоқсан айында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді
Достарға айту
Осы жылдың желтоқсан айының басынан бастап еліміздің өңірлерінде 250-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, оған миллионға жуық азамат қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мұндай деректер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, жәрмеңкелерді өткізу тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие болуда, әкелінетін өнім көлемі толығымен сатылып жатыр.
Ең көп картоп Қарағанды облысында сатылды - 110 тонна, Алматыда - 90 тонна, Шымкентте мерекелік демалыс күндері 45 тонна картоп сатылды", - деп атап өтті бірінші вице-министр.
Жәрмеңкелермен қатар өңірлердегі сауда сөрелеріне тұрақтандыру қорындағы көкөністер шығарылуда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 19 желтоқсан күнгі мәліметке сәйкес тұрақтандыру қорындағы 9,2 тонна картоп, 2,6 тонна сәбіз, 2,8 тонна пияз бен 2,1 тонна қырыққабат сатылды. Сондай-ақ кеңесте әр өңірдің қажеттілігін ескере отырып, алдағы мамыр айына дейін қорлардағы көкөністерді сату кестесі ұсынылды.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының орташа өсу индексі - 0,1%-ды, ал жыл басынан - 1,1%-ды құрады.
Жиын соңында Серік Жұманғарин жәрмеңкелерді белсенді ұйымдастыруды және мереке қарсаңында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында сауда заңнамасына миемлекеттік бақылауды күшейтуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:53 54816
Елорданың орталық саябағында шаңғы маусымының ашылуы өтеді
Достарға айту
Астанада 22 желтоқсан күні орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл - таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік.
Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады.
Қатысу шарттары:
- Өз шаңғыларыңыз болуы міндетті.
- Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:39 55021
2024 жылғы 1 желтоқсанда 411 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Достарға айту
2024 жылғы 1 желтоқсанда 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 желтоқсанға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 128,8 мың балаға 5,0 млрд. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:24 55246
Астанада рекордты көлемде мектептер салынды
Достарға айту
Астанада рекордты көлемде мектептер салынды. Оқу жылының басында 18 мектеп салынып, ашылды. Олардың бір бөлігі - "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Қала тұрғындарының өсуін ескере отырып, әлеуметтік нысандарға қажеттілік артып келеді. Өздеріңіз білетіндей, біз әлеуметтік нысандардың құрылыс көлемін едәуір арттырдық. Мәселен, жаңа оқу жылында 18 мектеп салынды. Олардың 11-і Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтерді", - деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарда да салынып жатыр. Мысалы, желтоқсан айында Үркер тұрғын алабында жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта №69 мектеп-лицейінде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа мектеп толып кету мәселесін шешеді. Балалар жаңа мектепте үшінші тоқсаннан бастап оқиды.
Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл оқу орындары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Астанада осы жылдың соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алдағы жылдарға да дайындық жүріп жатыр. Мысалы, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салынып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.12.2024, 17:48 71781
Астанада "Жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды
Достарға айту
Астана қаласының "Көпбалалы отбасылар" мен "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаттары үшін "Жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Тұрғын үй орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарламаның нәтижесі төмендегі тізіммен берілген:
Көпбалалы отбасылар" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.
Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты, өте сақ болу қажет. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан тұрғын үй беру үшін несиелерді, қарыздарды өтеуді және шотты бұғаттаудан шешуді сұрамайды", - делінген орталық хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.12.2024, 12:03Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия құрды 26.12.2024, 12:45 7616Көлік министрлігі Әзербайжан Республикасы Үкіметімен бірлесіп жұмыс істейді26.12.2024, 15:01 4276Қазақстандықтар ел банктерінде 5 триллион теңгеден астам қаражатты шетел валютасында сақтайды26.12.2024, 15:07 4036Екібастұз ГРЭС-1 станциясының 500 МВт қуаттылықтағы энергоблогы пайдалануға берілді26.12.2024, 15:14 3701Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды
20.12.2024, 19:59 97596Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді20.12.2024, 19:44 96091Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:42 85341Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті20.12.2024, 12:52 82816ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда20.12.2024, 17:06 77836Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
12.12.2024, 17:30 111891Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 111246Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 106851ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 102796Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 102666Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады