28.09.2022, 13:34 8136

Қазақстанда бір тәулік ішінде 89 адам коронавируспен ауырды

Бір тәулік ішінде 138 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 89 адам коронавируспен ауырды
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 28 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 89 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 393 373 жағдай тіркелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жаңа жағдайлар анықталды: 
 
Астанада - 18, 
 
Алматыда - 13, 
 
Шымкент қаласында - 2, 
 
Ақмола облысында - 17, 
 
Ақтөбе облысында - 5, 
 
Атырау облысында - 1, 
 
Батыс Қазақстан облысында - 5, 
 
Қарағанды облысында - 6, 
 
Ұлытау облысында - 1, 
 
Қостанай облысында - 8, 
 
Қызылорда облысында - 1, 
 
Маңғыстау облысында - 2, 
 
Павлодар облысында - 5, 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 5.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 138 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері елімізде барлығы 1 378 440 адам сауығып кетті. 
 
26 қыркүйекте Қазақстанда коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілерімен пневмонияның 9 жағдайы анықталды.
 
28 қыркүйекке КВИ-ден 1 366 адам (1 243 КВИ+ және 123 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 136 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 230 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 8 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 5 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар. 
 
2022 жылғы 27 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 833 341 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 590 214 адам вакцинацияланды
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны